Негізгі Жаңалықтар Облыс әкіміне криминалистикалық құрал-жабдықтар таныстырылды

Облыс әкіміне криминалистикалық құрал-жабдықтар таныстырылды

Павлодар облысының Полиция департаментінде заманауи криминалистикалық құрал-жабдықтар таныстырылды. Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысты. Өңір басшысына сараптамалық-криминалистикалық зерттеулер жүргізуге, қылмыс іздерін анықтауға, тіркеуге және алуға арналған арнайы техника таныстырылды.


Тұлғаның бет-әлпетін тануға арналған отандық «Образ++ 4.0» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесіне ерекше аударылды. Жүйенің жаңа нұсқасы биометриялық сәйкестендіру жүргізуге, адамның бет-әлпетін автоматты түрде анықтап, кодтауға, фотосуреттер, фотороботтар мен бейнематериалдар бойынша іздеу жүргізуге, сондай-ақ кескіндерді «дәлме-дәл» қағидаты бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. Жүйе онлайн және офлайн режимдерде жұмыс істейді, сондай-ақ деректерді іздеу мен сүзгіден өткізудің түрлі мүмкіндіктерін қарастырады. Әкімге жаңа жүйе станыстырылды. 

Сараптама қызметінің криминалистикалық әлеуетін арттыру мақсатында «Регула» мобильді магнит-оптикалық кешені ұсынылды. Ол автокөліктердің VIN-нөмірлері мен қару-жарақ және оқ-дәрілердің таңбалау белгілерінің түпнұсқалығын бұзбай бақылауға, олардың өзгертілгенін немесе қолдан жасалғанын анықтауға және бастапқы нөмірлерін қалпына келтіруге арналған. Сондай-ақ ультракүлгін, инфрақызыл және люминесценттік талдау арқылы құжаттардың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ақ, ультракүлгін, көк және инфрақызыл сәуле көздері бар криминалистикалық жарық кешені таныстырылды. Асайын Байханов құқық қорғау органдарын заманауи технологиялармен жабдықтаудың маңыздылығын атап өтті. Таныстырылым қорытындысы бойынша облыстық Полиция департаментінің бөлімшелерін одан әрі жарақтандыруға қажетті құрал-жабдықтардың тізбесін айқындау және оларды сатып алуға қажетті қаржы көлемін есептеу тапсырылды.

Самал Қалиқызы


 

 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар