Павлодарлық ұстаз «Шапағат» медаліне ие болды
Шәкірттері түрлі деңгейде жоғары жетістікке қол жеткізіп жүрген павлодарлық ұстаз «Шапағат» медалін иеленді. Марапатты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады. Толығырақ — алдағы сюжетте.
Кезінде біршама білім жарысының жеңімпазы болған дарынды жас бүгінде ұстаздық жолда қызмет етеді. Биология пәнінің мұғалімі Олжас Әмзеев өз тәжірибесі мен білімін шәкірттеріне үйретіп, оларды биік белестерге жетелеуді мақсат еткен.
Ұстазының жолын жалғастырған оқушылардың бірі — Ерсұлтан Қайыркен. Ол жақында халықаралық биология олимпиадасында күміс жүлдегер атанып, ел абыройын асқақтатты.
Олжан Әмзеевтің өзге шәкірттері де түрлі білім бәйгелерінде топ жарып жүр. Олардың үздіктер қатарынан көрінуі мұғалімнің кәсіби шеберлігін айғақтайды. Ал бұл еңбектің жоғары бағаланып, президенттің «Шапағат» медалін табыстауы — осының айқын дәлелі.
Жұлдыз Қабылденова