Аптап ыстық ай соңына дейін жалғасады. Ал, шілдеде қапырықтың беті қайтып, жаңбырлы күндер басталады. Синоптиктер болжамын тілшіміз тарқатсын.
Аймақта соңғы екі аптада қапырық ыстық орнады. Синоптиктер ауа райының бұл жағдайы Иран және Орта Азия аумағынан келген құрғақ ауамен байланысты екендігін айтады. Сондай-ақ, бұл жағдай маусым айының соңына дейін сақаталатындығын болжайлы.
МҰХАМЕД БАҚТЫБАЙ, ИНЖЕНЕР - СИНОПТИК
Келесі айдың басында ауа райы өзгереді. Темперетура төмендеп, жаңбыр басталады. Осы айдың соңына дейін ауа температурасы түнде 15-20 градус, күндіз, 30-35 градуса дейін ыстық болады. Кейбір аумақтарда 38-40 градусқа дейін жетеді
Биыл маусым айының алғашқы онкүндігінде ауа темперетурасы нормадан бір градусқа төмен болса, екінші декадада 2 градус асып кеткен. Десе де, былтырғы жағдаймен салыстырғанда жауын-шашынды болды.
МҰХАМЕТ БАҚТЫБАЙ, ИНЖЕНЕР - СИНОПТИК
Өткен жылмен салыстырсақ, былтыр маусымның алғашқы декадасында қатты ысық болды. 34 тен 39 градусқа дейін, кейбір жерлерде 41 градусқа дейін жетті. Орташа температура нормадан 8 градусқа дейін асып кетті
Мамандар қапырық ауа райы кезінде абай болуға, әсіресе қарттар мен балаларды аптаптан қорғауға шақырады.
Жанасыл Серікбол