Железин ауданы Прииртышск ауылында биыл жаңа жылу қазандығы пайдалануға берілді. Осылайша ауылдың әлеуметтік нысандары орталықтандырылған жылу жүйесімен қамту мәселесі шешілді. Жаңа қазандықтың жұмысын біздің түсірілім тобы көріп қайтқан еді.

Бұл жылу қазандығын Прииртышск ауылының тұрғындары үшін аса маңызды. Бұрын мектепті, өзге де әлеуметтік нысандарды жылытуда мәселе туындаған ауылдардың бірі болатын. Ал, биыл бәрі басқаша болады деп күтілуде. Елдімекенге қажет орталықтандырылған жылу мәселесі осылайша түбегейлі шешілді деуге болады.

ЕРҒАНАТ СЕРІКБАЕВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Бұл қазандықты салуға 119 млн теңге жұмсалды. Ауылдағы әлеуметтік нысандарды жылумен қамтиды. Яғни, мектеп, интернат, дәрігерлік амбулотория. Сонымен қатар үш бірдей екі қабатты тұрғынүйде осы қазандық арқылы жылынады

Жоба құрылыс мамыр айында басталып, тамызда аяқталған. Құрылыс барысында еш іркіліс болмаған. Нәтижесінде жылу уақытылы берілді.

Жанасыл Серікбол