Май ауданының орталығы Көктөбе ауылында 22 көшеге жарық тартылды. Бұл мақсаттағы жұмыстар 15 қарашада аяқталады. Толығырақ тілші материалында.

Көктөбе ауылында 4000 халық тұрады. Мұнда барлығы 33 көше бар, оның 22-не жарық тартылды. Бұған облыстық бюджеттен 117 млн теңге бөлінген.

Көше жарығы - кез келген ауылдың бет-бейнесі. Жол бойына жағалай орнатылған жарық жолаушыға жол көрсетеді. Түнгі уақытта қауіпсіздігіне қорған болады.Жарық тартылғанына тұрғындар риза.

СЕРІК ТӨЛЕУБЕК, КӨКТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мен осы ауданда 65 жылдан бері тұрамын. Мын жол,асфальт бүкіл ауылға салынып жатыр. Ауызсу каждый үйге кірді қазір, оны біз армандамайтынбыз. Бәрі керемет, халық риза

33 көшенің қалған 10-ына жарық орнату жұмыстары 15 қарашаға дейін аяқталады. Айта кетейік, бұған қоса, былтыр 13, биыл 9 көше жолдары жөнделген.

Қымбат Садық