Павлодар облысының оқушылары алғаш рет “Жасыл мектеп” сайысында бақтарын сынады. Жоба балалардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Экологиялық мәселер әлі де өзекті. Табиғи құбылыстардың өзгеруі бір сұрақ болса, қоршаған ортаға деген қарым қатынас мың экосұрақтың бастауы. Осы ретте, ерте жастан балалардың экологиялық сауаттылығын арттыру маңызды. Бұл бағытта қолға алынған шаралардың бірі «Жасыл мектеп» жобасы.

СВЕТЛАНА МОГИЛЮК, «ЭКОМ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Алғашқы кезеңде бізге мектептерден 30 өтініш түсті. Үш тілде болды. Екінші кезеңге 15 мектеп қатысты. Бүгін үшінші кезеңде 10 мектеп іріктеліп, жобаларын қорғап жатыр. Бұл тек мектептің аумағын абаттандыру, көгалдандыру емес, су, энергия көздерін үнемдеу сынды сұрақтар. Командаларға жеке - жеке тапсырмалар берілді. Ол экологиялық мониторингті жүргізу, ауаны қалай таза ұстау, энергияны қалай үнемдеуге болады, қоқыс қалдықтарын дұрыс сұрыптау сынды тапсырмалар аясында болды.

“Жасыл мектеп” жобасы біздің облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 30 мектептің арасынан 10 білім ошағы іріктеліп, финалдық кезеңде жобаларын қорғады.

МЕРУЕРТ СОЛДАТ, МАЛАЙСАРЫ ЖОББ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ (МАЙ АУДАНЫ)

Біздің мектепте экологиялық шаралар өте көп. Акциялар өткізіліп отырады. Көптеген мүмкіндіктер береді.

Айта кетейік, сайысты облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы өткізді.

Самал Қалиқызы