Төтеншеліктер Павлодарское ауылына барып, үйлерді аралап, жылыту маусымына дайындығын тексерді. Пеш алдына қаңылтыр шегелеп, улы газ анықтайтын датчиктерді орнатты. Толығырақ келесі сюжетте.
Жылу беру маусымы кезінде улы газбен улану фактілері жоғарылайды. Сондықтан пеш жағу қауіпсіздігін сақтап қана қоймай, үйге улы газ анықтайтын датчик те орнатқан жөн. Осы ретте төтеншеліктер қысқа дайындық рейдін жүргізді. Алдымен, пеш алдына қаңылтыр шегелеп, улы газ анықтайтын құрылғыларды орнатты.
ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Қазіргі таңда облыс аумағында жылыту маусымында дмалыс күні түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Уақытылы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелін сақтауға шақырады.
Жалпы улы газдарды анықтайтын датчиктер қолжетімді. Оны интернет-дүкендерде 5000 теңгеден сатып алуға болады. Қолданылуы да қарапайым. Осы ретте, төтеншеліктер жер үйде пеш жағатын тұрғындарды аталмыш датчиктерді орнатуға, мұржаларды тазалуға шақырады.
Самал Қалиқызы