Ауыл спорты ұлт денсаулығының кепілі. Бүгінде әр елдімекенде тұрғындар үшін спортпен шұғылдануына мейілінше мүмкіндіктер жасалуда. Мәселен, Аққулы ауданы Қызылқоғам ауылында шағын футбол алаңы пайдалануға берілген.
Бұл шағын футбол алаңының пайдалануға берілгеніне көп болған жоқ. Қазан айының 19-ы күні ашылды. Қазір міне су жаңа жасыл алаңда ауыл балалары жарыса жүгіріп, футбол ойнауда. Команда құрып, заманауи алаңда футбол ойнауды бұл балалар көп уақыт күтті.
ҚУАН АЙҒОЖИН, ҚЫЗЫЛҚОҒАМ АУЫЛДЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Балалар өте риза. Күндіз мектеп оқушылары ойнаса кешке ауыл жастары жиналып ойнайды. Жарық бәрі бар. Дайын. Бұрын біз бала кезімізде шаңда ойнайтынбыз. Қазір міне бәрі дайын. Жасыл желек. Спортпен айналысуға жағдай жасалған.
Қазірдің өзінде Қызылқоғам ауылының балалары мен жастары тұрақты 7 команда құрып үлгерген. Күн сайын бас қосып, шыңдалуда. Алдағы жарыстарға дайындалуда. Осындай мүмкіндіктен соң биік белестерді бағындыруға тырысамыз дейді олар.
ТАЛҒАТБЕК МАҒЗҰМОВ, ҚЫЗЫЛҚОҒАМ АУЫЛДЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Осы футбол алаңын біз бұрыннан күтіп жүргенбіз. Оқукшыларымыз, ауылдастарымыз барлығымыз күттік. Құдай қалап салынды. Өткенде ашылуы болды. Күнде келіп жаттығамыз. Енді район, облыс деңгейіне көтерілеміз деген мақсат қойдық алдымызға. Команда бар. 7 команда ауылда. Үлкендеріміз, жастарымыз, оқушыларымыз, мұғалімдердің өз командасы бар. Солармен жарысқа шығамыз деген ойдамыз.
Мүмкіндік жасалды. Ендігі міндет тек нәтиже. Алдағы жарыстарда топ жарып, ауыл мерейін үстем теуге әркез дайын екендіктерін айтады.
Жанасыл Серікбол