Павлодарда есірткі қылмысының алдын-алу мақсатында ауқымды акция өтті. Шараға полиция қызметкерлері, прокурорлар, қала әкімдігінің қызметкерлері, депутаттар мен еріктілер жұмылдырылды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда нашақорлыққа шалдыққан 18 мыңнан астам адам есепте тұр. Ал, 100 мыңнан астамы есірткі қолдануы себепті, мінез-құлықына ақау түсіргендіктен бақылауға алынған. Осы сандардың өзі мәселенің қаншалықты өзекті екендігін көрсетеді. Сондықтан жергілікті уәкілетті органдар бұл кеселмен кез - келген қолда бар құралдарды қолдана отырып күресуге дайын.
СВЕТЛАНА ГЛАДЫШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жергілікті атқарушы органдар ретінде біздің басты міндетіміз, ең алдымен, профилактикалық жұмыстарды жүргізу: ата-аналармен және өскелең ұрпақпен бірлесіп есірткі заттарды пайдаланудан, таратудан немесе сақтаудан бас тартуды нақты тұжырымдау.
Шара аясында Павлодардың бірнеше нүктесінде еріктілер салауатты өмір салтына үндейтін плакаттар іліп, парақшалар таратты. Кесірі мол кеселдің кесапатын елге жеткізуге барлық мүдделі мекемелер ат салысты. Елдің болашағы жастар екені рас. Бірақ, бәрі емес. Дені сау, санасы тұнық жастар. Акция аясында есіркіт қылмысынң алдын-алу бағытындағы бірқатар шалалар жоспарланған.
Есірткінің таралуын алдын-алу жолында көптеген шаралар күн сайын дерлік өтіп жатыр. Десе де, дәл осы бағытта қоғамның толыққанды төзімсіздігін қалыптасрыу үшін алдын-алу әрекеттерін одан әрмен күшейту керек дейді мамандар.
Жанасыл Серікбол