Елімізде робототехника саласы дамып келеді. Бұл бағытта қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес. Мәселен, Көктөбе ауылы мектебінің 6-сынып оқушылары робототехника фестиваліне республикалық және халықаралық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олармен тілшіміз танысып қайтты.

Қазіргі уақытта әр мектептің қабырғасында робототехника үйірмелері бар. Бұл – заман талабы. Оқушылардың инженерлік-шығармашылық және ақпараттық-коммуникативтік белсенділіктері нығая түседі. Осы мақсатта Көктөбе ауылындағы мектепте үйірме тыңғылықты жұмыс істейді. Оған 5 пен 9 сыныптар қатысады. Шәкірттердің қызығушылығы жоғары.

ДИНАРА БЕЙСЕКОВА, КӨКТӨБЕ ЖОББМ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Балалардың лего-конструктырларды жинау деңгейлері жоғары.Ата-аналарының айтуынша кішкентай кенден шұғылданады екен. Сол себепті осындай конкурстарға дайындай бастадық.Бұл жерде басқа да жоғары сыныптар ба. Былтырда түрлі байқаудан орын алғанбыз. Жаман емес жетістіктеріміз робототехникадан. Әлі де осындай жобаларды жинаймыз

Астана қаласында өткен «РедФест» фестивалі оқушылар жасаған инновациялық жобаларды, өнертабыстарын кеңінен насихаттау мақсатында өтті. Оған Май ауданы, Көктөбе мектебінің оқушылары Бекарыс Мұхтар мен Кәрімжан Қайырғалым да қатысты. Олар оқушылардың үстел үстінде тұратын «Ақылды шам» ойлап тапты. Оны лего-конструктор жинау арқылы жасаған.

БЕКАРЫС МҰХТАР, КӨКТӨБЕ ЖОББМ 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Үстел үстінде сабақ қараған кезде жарықтың болуы өте маңызды. Сол себепті біз шапалақ ұру арқылы жарықты қосып және өшіре аламыз .Осы ақылды шам мен қосымша ұялы телефон тіркегіші де орнатылған. Және үстел үстінде көп отыру кезінде датчик арнайы сигнал береді, осы кезде сигналға мән беріп, үзіліс жасау керек

 «Ақылды шамның» берер мүмкіндіктері көп екенін байқадық. Мысалы, бөлме қараңғы болғанда жарық автоматты түрде қосылады екен.

Жас өнертапқыштар фестивальдің республикалық кезеңінде 3 орын, ал халықаралық жарыста 2-орынды жеңіп алды. Олар, мұндай жобалардың берер мүмкіндігі зор дейді. Әрі болашақта түрлі күрделі жобаларды жасап көргілері келеді.

Мектеп оқушыларының өзі робототехника саласының болашағы зор деп ойлайды. Себебі, бұл - жаһандану заманында алға бастайтын нақты қадам болмақ.

Қымбат Садық