Павлодар қаласында 10 жаңа бағдаршам орнатылды. Одан бөлек, тағы бірнеше бағдаршам жаңартылды. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Тұрғындардың өтініші және полиция басқармасының келісімімен шілде айынан бастап Павлодар қаласында жаңа бағдаршамдар қойыла бастады. Шаһар көшелерінде жалпы 10 бағдаршам пайда болды.

АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Жаңа бағдаршамдар Ломов көшесінде яғни Инновациялық университет жанында, Шөкин көшесі №22 мектеп жанында, Қамзин көшесі №21 мектеп жанында, Батыр баян көшесі «Сапсан» кешені жанында, Циолковский-шағын айналма жолда, Баян батыр - №1 Автожол жанында, Бекхожин-Бәкіров, Бекхожин-Ткачев, Естай-Бекмаханов, Катаев –Гагарин көшелері бойында пайда болды.

Одан бөлек, Ломов-Павлов көшелерінің қиылысында да жаңа бағдаршам орнатылды.

АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Одан бөлек, биыл бағдаршам нысандарын жөндеу жұмыстарын да жүргіздік. Ескі бағандар мен бағдаршамдары ауыстырылады. Жаяу жүргіншілер үшін тетік орнатылады. Айта кетейік, жалпы бағдаршам орнату жұмысы бір күндік емес. Оған алдымен жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өтіп, кейін конкурстық процедуралар өтеді.

Айта кетейік, жаңа бағдаршамдар көлік қозғалысын реттеп, қауіпсіздік шараларын сақтау үшін орнатылып жатыр.

Самал Қалиқызы