Қазақстан Халық партиясы Павлодар облыстық филиалының белсенділері «109» бірыңғай байланыс орталығының жұмысына қоғамдық мониторинг жүргізді. Мұнда коммуналдық қызмет, абаттандыру, шұғыл көмек, әлеуметтік қолдау сынды бірқатар бағыттарда шағымдар мен өтініштер қабылданады. Мониторинг жұмысының барысы туралы алдағы сюжеттен көрейік.

109 бірыңғай колл орталығы халыққа жедел деректер бере отырып, тәулік бойы жұмыс істейді. Күніне орта есеппен 300-ден астам өтініш келіп түседі. Байланыс орталығы басшысы мониторинг жүргізген Қазақстан Халық партиясы өкілдеріне қызмет жұмысының негізгі аспектілері, өтініштер статистикасы, өтінімдерді өңдеу мерзімдері, сондай-ақ операторлар туралы сұрақтарға жауап берді.

АБЗАЛ ҚАБДРАШ, «109» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

1 қаңтардан бастап байланыс орталығына 93 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Алдағы уақытта « Павлодар қаласының жылу картасы» деп аталатын жоба болмақ. Онда авариялық жұмыстар, олардың аяқталу мерзімдері схемалық түрде көрсетілетін болады. Жоба цифрландыру басқармасымен бірлесіп жүргізілуде. Қазір біз бұны тағы бір мәрте қарап жатырмыз.

Күндіз колл-орталықта хабарламаларды қабылдайтын 7-9 оператор, ал түнде 2-3 оператор жұмыс істейді.

ӘЛІМБЕК АҒЫБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

109 нөмірін облыстың әрбір тұрғыны білуі тиіс деп ойлаймын. Мұнда түрлі сұрақтар келіп түседі, сәйкесінше шешімін тауып жатады. Қоңырау шалу әлбетте тегін жүргізіледі.

Мониторинг жүргізген партия өкілдері байланыс орталығының мамандарына тұрғындармен сыпайы қарым-қатынаста болып, дұрыс бағыт-бағдар беруге шақырды.

ӘЛІМБЕК АҒЫБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ескерте кететін жайт бар, қандай да бір дөрекі қарым-қатынасты қолданатындарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Соныдқтан байланыс орталығының операторларын қате қадамдар жасаудан аулақ болуға шақырамын

Айта кетейік, байланыс операторлары өзекті мәселелерді өз бетінше шеше алмайды, тек орындалу барысын бақылайды. Сондай-ақ, тәулік бойы өтінішітерді қабылдайды.

Қымбат Садық