Облыстық кітапхана «Бір ел, бір кітап» атты акция аясында комикстер салу конкурсын өткізді. Басты талап Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына негізделіп салынуы тиіс болды. Толығырақ алдағы сюжетте .

 «Бір ел, бір кітап» атты акция ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу мақсатында өтті. Оның аясында ұйымдастырлған комикстар байқауына 10 жұмыс ұсынылған екен.

Бердібек Соқпақбаев қазақ прозасына ерекше леп әкелген қаламгер. Жазушы қаламынан шыққан кез келген туынды оқырманды баурап алады. Қатысушылар Бердібек Соқпақбаевтың бір шығармасын оқып, ондағы картиналарды өз қиялдарынша бейнелеген. Үздік деп танылған жұмыс жоғары бағаланды.

АИДА СЕЙІЛХАНОВА, БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ

Мен Бердібек Соқпақбаевтың «Чемпион шығармасын оқып, соның негізінде комикс-сурет салып шықтым. Онда бокс жайлы жазылған. Көп уақыт дайындалдым. Шығарманың бас кейіпкерінің жеңіске жету жолын бейнеледім. Комикс өнердің заманауи түрі. Конкурстың осы идеясы ұнады

Комикстің келешегі зор. Кез-келген кейіпкерді осы жанр арқылы балалардың санасына сіңіруге болатыны байқалды.

Қымбат Садық