Елімізде республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 25 мың шақырым. Қазір оның 3 мың шақырымнан астамында күрдлеі жөндеу жұмыстары жүруде. Қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Алдағы аязды, боранды күндерге жолдардың дайындығы қандай? Келесі матераиымызда.

Республикалық автомобиль жолдар бойында қазіргі таңда 96 жол-пайдалану учаскесі және 125 жол-пайдалану пункті бар. Олар техниканы орналастыру, жол-құрылысы мен инертті материалдарды сақтау үшін қолданылады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мұндай пунктер ауа райы дұрысталып, қауіпсіз қозғалыс қалпына келтірілгенге дейін қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ететіні айтылды.

ДАРХАН ИМАНАШЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы жедел хабарлау үшін 1403 колл-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Өткен жылы оған 300 мыңнан астам қолданушы жүгінді, қоңыраулардың 60%-ға жуығы қыс мезгілінде келіп түсті. Сондай-ақ пайдаланушылар үшін ұлттық компанияның Телеграм-арнасы, Sapar мобильді қосымшасы, сондай-ақ республикалық автожолдардың жай-күйі туралы Kaztoll.kz сайтында онлайн режимінде білуге болады.

Қысқы кезеңдегі негізгі міндеттер қар астында қалған автокөлік құралдарын шығару және жол пайдаланушыларына көмек көрсету болып табылады. Өткен қыста қар астынан 2 мыңға жуық автокөлік шығарылып, 3 мыңнан астам автожол пайдаланушыларына көмек көрсетілді.

ДАРХАН ИМАНАШЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Ағымдағы жылдың басынан бері 5 млн тоннадан астам асфальтобетон қоспасы төселді. Қазіргі уақытта тосқауыл, қардан және малдан қорғау қоршауларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 5 мыңға жуық құрылыс техникасы мен 7 мыңнан астам маман жұмылдырылды. 2024 жылдың соңына дейін осы учаскелер бойынша қолайлы және қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Биыл орташа жөндеумен 5015 шақырым автожол қамтылды, оның 1014 шақырымы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, қалған нысандарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда

Сонымен қатар, «Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде орташа жөндеу бойынша жұмыстарды қамтуды ұлғайту және олардың көрсеткішін 10 мың шақырым автожолға дейін жеткізу жөнінде шаралар қабылдануда» деді спикер.

Жанасыл Серікбол