2025 жылы жаңа «Кеден» ақпараттық жүйесі енгізіледі деп жоспарланып отыр. Ол кедендік операциялардың барлық кезеңдерін қамтиды. Осы және өзге мәліметтер туралы мемлекеттік кірістер департаментінің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2024 жылдың 9 айы үшін республикалық бюджетке 12,4 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсуін қамтамасыз етті. 2024 жылдың 9 айы үшін сыртқы сауда айналымы 2,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сауда айналымының негізгі үлесі экспортқа тиесілі – 87 пайыз, импорт 13 пайызды құрайды.

РУСЛАН РАХИМБЕРДІ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Экспорттың негізгі тауарлық позициялары металлургия, мұнай-химия және отын-энергетика кешендерінің өнімдері болып табылады. Экспорт құрылымында мынадай тауарлар басым: металдар және олардан жасалған бұйымдар – 53,8 пайыз, минералды өнімдер – 40,6 пайыз, химия өнеркәсібі өнімдері – 2,8 пайыз, жануарлар және өсімдік тектес өнімдер – 1,7 пайыз, жабдықтар мен механикалық құрылғылар – 0,5 пайыздарды құрайды.

Ағымдағы жылдың 9 айы үшін тауарларға 7500-ге жуық декларация ресімделді, оның 57% автоматты тәртіпте, жасыл дәліз арқылы яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз шығарылды.

РУСЛАН РАХИМБЕРДІ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Департамент кедендік тексерулерді және кедендік құжаттарды, мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде бюджетке 1 млрд. теңгеден астам қаражат есептелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 697 млн.теңгеге артық, 900 млн. теңгеге жуық кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 440 млн. теңгеге артық. Жыл басынан бері 1 млрд. теңгеден астам сомаға 56 тексеру аяқталды, кедендік әкімшілендіру бойынша 1 тексеруге орташа қосымша есептеу 18 млн. теңгені құрады, 2023 жылдың ұқсас кезеңінде 58 тексеру аяқталды, бірақ орташа қосымша есептеу 5,7 млн.теңгені құрады.

Кедендік бақылауды жүргізу кезіндегі негізгі бұзушылықтар: тауарларды белгілі бір кедендік рәсімдерге орналастыру шарттарын бұзу, тауарларды кедендік ресімдеуге дұрыс өтініш бермеумен байланысты. Бұл негізінен "Еркін қойма", "Еркін экономикалық аймақ" сияқты процедураларға қатысты. Өткізілген іс-шаралар барысында белгіленген залал сомасы шамамен 200 млн.теңгені құрады. 2025 жылы "Кеден" жаңа ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда, ол кедендік операциялардың барлық кезеңдерін және рұқсат құжаттарын әкелуден және алудан іс-қимылды қамтиды.

Самал Қалиқызы