Май ауданында ата-аналар форумы өтті. Дәстүрлі шара осымен 2-інші мәрте ұйымдастырылған. Басты мақсат мектеп пен ата-аналар қарым-қатынасын нығайту.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасына» сәйкес 2-інші аудандық ата-аналар форумына аудан әкімі, облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл және ата-аналар қатысты. Биыл форумның форматы да өзгеше болды. Ата-аналар сурет салып, психологтар тренингтер өткізді. Сондай-ақ, көрме ұйымдастырылып, ата-аналар бір бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды.
ҚАДЫЛЖАН СӘТИЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Тәрбие ұрпақты мұратқа жетеелйтін сапалаы білімнің бірі. Ұлттық құндылықтармен суысындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Президент тапсырмасымен дайындалған Біртұтас тәрбие бағдарламасы еңбекқор, адал,саналы жасампаз азаматты тәрбиелеуде маңызды. Оған біздер, ата-аналар үлкен үлес қосу керекпіз. Дәл осылайша өскелең ұрпақ ұлт сапасын құрайтын болады
Ауданда 23 қорғаншылық, 1 патронаттық отбасы бар екен. Сондықтан да, қамқоршылық танытып отырған ата-аналарға алғыс білдірілді. Форум бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді көтерді.
СӘУЛЕ ШӘКЕНЕВА, БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ УӘКІЛ
Біздің басты міндетіміз балаларымызды аман-есен өсіріп, тәрбиелеу. Мұнда отырған әр ата-ана өз баласын жақсы көреді, бағалайды. Өкінішке орай, балаға беретін махаббатымыз жетпейді, яғни аз. Сондықтан да соңғы уақытта балалар арасында қайғылы жағдайлар көбеюде. Біз осының алдын алу үшін бірігу керекпіз, үлкен жұмыс атқару қажет. Сол мақсатта бүгінгі форумның берер пайдасы зор болады деп сенемін
Форумға қатысушы Айсұлу Тоқтасынқызы Ақжар ауылынан арнайы келіп, құрақ құраудан шеберлік сағатын көрсетті. Ол 3 бала сүйіп, бүгінде немере-жиендеріне бар ақыл-кеңесін білдіріп отырған әже.
АЙСҰЛУ БЕЙСМЕЛДИНА, АҚЖАР АУЫЛЫ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Өзіміздің ауданның білім беру ұжымына алғысымды айтамын осындай шара ұйымдастырып отырғанына. Бала тәрбиесіне қатысты болады бұл. Бұл енді жас ата-аналарға педагогикалық жағынан үлкен көмек деп ойлаймын
Малайсары мектебінде әкелер клубы жұмыс істейді. Онда ұл балалар қамшы өрудің түр-түрімен танысады, ептілікке үйренеді. Еңбекқор, саналы азамат болып қалыптасуға септігін тигізеді.
Жалпы, форум қоғамдағы ата-ана беделін нығайта отырып, отбасы беріктігі үшін жасалатын нақты қадамдарды айқындап берді.
Қымбат Садық