Павлодар қаласындағы №14 мектебінде кеңес одағының батырларының құрметіне ашылған мұражайға Иван Панфилов пен Гавриил Митиннің немерелері арнайы келді. Олар музейді аралап, аталарының ерліктері мен тарихта қалдырған іздерін еске алды. Торлығырақ келесі сюжете.

Бұл мектепте ашылған мұражай–батырладың есімі мен олардың қаһармандығын есте сақтау мақсатында жасалған ерекше орын. Музейде батырлардың бірі генерал Панфилов басқарған дивизияға қатысты құнды жәдігерлер, суреттер мен құжаттар қойылған. Панфиловтың немересі осы заттарды көріп, соғыс кезіндегі естеліктерді жаңғыртып, батыр аталарының мұрасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

АЙГҮЛ БАЙҚАДАМОВА, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ И.ПАНФИЛОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ

Мен бұл мектепке белгілі мақсатпен келдім. Бұл көрменің атын елге таныту үшін. Екіншіден, бұндай көрмелері бар Ресей, Қазақстан және Қырғызстанның 150-ден астам мектебін қамтитын Панфилов атамыздың ерлігін білу үшін. Менің ойымша, бұндай қозғалыс осы елдер арасындағы балалардың достығын нығайтуға бағытталған.

Кездесуге жиналған оқушылар мен мұғалімдер үшін бұл шара ерекше мәнге ие болды. Олар батырлардың ерлігі мен олардың дивизиясының қайсарлығы туралы тікелей әңгімелерді тыңдап, әсерленді. Гавриил Митиннің немересі де осындай мұражайдың ерекшелігін атап өтті.

ГҮЛНАР АБЕУОВА, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Г. МИТИННІҢ НЕМЕРЕСІ

..Менің атам Митин Гавриил Степанович 1941 жылы қарашада Мәскеу қаласында қаза тапқан батырлардың бірі болды. Біз жыл сайын Волоколамск қаласына да барып, басқа да Панфиловтардың ұрпақтарымен кездесеміз. Биылғы жылдың келу себебіміз, мұражайдың ашылуына көмектесу жоспарланған болатын. Біз мұнда көптеген тарихи оқиғаларды сақтап қойған, осы мектепке деген үлкен ризашылығымызды білдіріп, басымызды иеміз. Іздеушілердің тапқан жәдігерлерінің арқасында осындай батырларымыздың болғанына көз жеткіземіз.

Музейдің ашылуы жас ұрпақ үшін тарихты сақтап, елге қызмет етудің үлгісін көрсетіп отыр. Әрбір қойылған экспонат, фото және құжат сол кездегі майдангерлердің рухын сездіріп, бүгінгі ұрпақты тәуелсіздіктің бағасын түсінуге шақырады.

Сабина Жолдаспаева