Драматург Ерсайын Төлеубайдың «Кербез келіндер» атты комедиясы көрермен назарына ұсынылды. Қойылым Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртісі Бек Тоқатовтың 50 жылдық мерейтойына орайластырылды. Аталмыш қойылым туралы толығырақ келесі сюжетте.
Бек Тоқатов, өнер ордасы Жүсіпбек Аймауытов театрында көп жыл еңбек етіп, қайталанбас көптеген рөлдерді сомдап, көрерменнің қошеметіне бөленіп жүр.
НҰРКЕН ТҰРЛЫБЕК, Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКА-ДРАМА ТЕАТРЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Театырымыз үшін ерекше күн. Себебі театрымыздың талантты актері, беделді Бек Тоқатов ағамыздың 50 жас меретойы. Осы мерейтой қарсаңында біз «Кербез келіндер» атты комедия ұсынып отырмыз көрермендерге. Жалпы осы комедияның шыққанына да 3 жылдан асып кетті. Көрерменге айтар ойы бар, салмақты, сондай бір керемет көрермендердің көңілінен шыққан спектакльдердің бірі. Бек Мүлікұлы бұл жерде басты рольді ойнайды. Бек аға осы рольды аша білген, сахнада еркін ойнайды. Бек ағаның театрда жұмыс істегеніне 16-17 жыл болып қалды. Осы тұрғыда Бек ағаның керемет спектакльдердің бірі болғандықтан осы спектакльді қойып отырмыз.
Бұл спектакльде отбасылық құндылықтар мен қазіргі заманғы әйелдердің рөлдері көркемдік тұрғыдан көрсетілді. Қойылымның комедиялық элементтері мен әртістердің шеберлігі көрермендерді бір сәт күлдіріп, келесі сәтте ой т
лануға итермелейді. Сонымен қатар, қойылымда қазақ халқының бай дәстүрлері мен салттары да көрініс тапты.
БЕК ТОҚАТОВ, Ж. АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКА-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
Бұл негізгі өзекті қозғайтын мәселесі қазіргі замандағы бойдақтардың көбейіп кеткендігі. Бір ақсақалдың үйінде кенеттен 3 келін бірдей түсекеннен кейін ақсақалдың ішіндегі дүниесі, ақсақалдың бәйбішесінің өмірдің осындай бір қалыпты болып тұра бермейтінін, аяқ астынан неше түрлі өзгерістер болатынын, халық бір қалыпты ағыммен жүре бермей, өзгеріп тұру керек сияқты осындай мәселелерді, зона комфорттан шығу керек сияқты осындай мәселелерді қозғайды.
Ерсайын Төлеубайдың қойылымында отбасылық және тұрмыстық мәселелер әзіл-қалжыңмен көркемделді. Бұл спектакльді режиссер Ержан Қауланов халыққа, келіндердің күнделікті өмірдегі тапқырлығы мен ерекше қылықтарын әдемілетіп жеткізді.
БЕК ТОҚАТОВ, Ж. АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКА-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
Бұның бәрі комедия, бұның бәрі осылай айтылған дүние. Әрбір дүниенің астары бар, әрбір дүниенің сыры бар, іші бар, сырты бар сияқты. Осы дүниенің көп жерлерін енді Ерсайын ағамыз халыққа жақын етіп, жеңіл, түсінікті етіп ұсынған. Соны Ержан әдемілеп қойған деп ойлаймын. Әдемілеп қойылмаған дүние болса, осыншама уақыт жүрмес еді. Өзіміздің жүрегімізге жақын, өзімізге де ыстық болғаннан кейін осы қойылымды ұсынып отырмыз.
«Кербез келіндер» комедиясы әртүрлі жастағы көрермендерге арналған. Әсіресе отбасылық құндылықтарын бағалайтындар үшін үлкен әсер қалдырады. Қойылымды көруге келген қауым, әсіресе, заманауи келіндердің әзілдері мен тапқырлықтарына риза болды.
Сабина Жолдаспаева