Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік саладағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды: 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды; орташа айлық жалақы мөлшері - шамамен 360 мың теңге. Биыл өңірде балалар шығармашылығының 3 жаңа орталығы ашылды, оның ішінде ауылдық жерлерде. Павлодарда 1200 және 600 орындық екі «жайлы» мектептің құрылысы жүргізілуде. Оларды келесі жылдың наурыз айында ашу жоспарланған. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру 68%-дан 84%-ға дейін ұлғайтылды.
«Биыл 73 әлеуметтік нысанды жөндедік және 35 жаңа әлеуметтік нысан салынуда», - деді Асайын Байханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.