Павлолар қаласындағы Қамзин көшесі 96 үйде жылу әлсіз. Қыс келіп, суық түсе бастаса да үйлеріне жылу жетпей жатқанына тұрғындар алаңдаулы. Ахуалға кім кәнәлі? Біздің түсірілім тобы мән-жайды білген еді.

Анасы науқас Ольга Уткина үйінде осылай қалың киініп жүреді. Әлібетті оған үйдің суықтығы себеп. Бұл салқындықтың себебін тұрғындар түсіне алмай дал. Тұрғын үй иелерінің кооперативінен жауап жоқ.

ОЛЬГА УТКИНА, ҚАМЗИН КӨШЕСІ № 96 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНЫ

Қоңырау шалсақ ПИК тұтқаны тастай салады. Ешқандай жауап бермейді. Менің уатсаптағы номерімді бұғаттап тастады. Біздің үдің тұрғындарының көбінің номені бұғаттады.

Үйді жылытуға қажетті шаралар қабылдау үшін кооперативке кіретін үйлердің тұрғындарының кем дегенде жартысы қолдауы керек. Кооперавтите 19 үй бар. Аз дегенде мың адам тұрады. Ал, 96 үйге көршілес 94 үйдің пәтерлері ыстық. Тиісті әрекеттер жасауға осындай қайшылықтар да кедергі болып тұр.

ОЛЬГА УТКИНА, ҚАМЗИН КӨШЕСІ № 96 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНЫ

Номері 94-інші, 96-ыншы және 97-інші үйлермен бірге бір желіге қосылсақта біздің үй суық. Қалған екі үйдің пәтерлері жылы. Осының себебін біле алмадық.

Сарсаңға түскен тұрғындар ақыры тұрғынүй инспекциясына жүгінді. Үйдің жағдайымен комиссия танысты.

БЕРІК ТЕМІРҒАЛИНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Қамзина 96 мекенжайында жылу беру қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. 20 - қарашада Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары сараптама жүргізіп, оның барысында олардың пәтерінде орналасқан радиаторларды тазалау бойынша ұсыныстар берілді.

Ольга бұл тазалауды бұрын жүргізгендігін атады. Пик тен сантехник шақыру ең қиын іс. Мамандар оларға кәсіби сантехниктерді жалдауға кеңес берді. Тұрғындар бұл мәселе қыста да шешімін таппай қалама деп алаңдайды.

Жанасыл Серікбол