«Жыл сайынғы жөндеу науқаны 3 қаланың тәуелсіз жылу-техникалық аудитінің қорытындысы және жүргізіліп жатқан гидравликалық сынақтар негізінде ұйымдастырылды. Мәселен, биылғы жылыту маусымына дайындық үшін шамамен 25 млрд теңгеге 31 шақырымнан астам жылу желілерін салу, қайта құру және жөндеу бойынша іс-шаралар өткіздік. Ұзындығы 9 км 4 жаңа жылу магистралі салынды. Бұл коммуникациялардағы апаттар қаупін азайтуға мүмкіндік берді, алайда атқаратын жұмыс жетерлік», - деді өңір басшысы Асайын Байханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарын сапалы ауыз суға қолжетімділігі 99,3% құрайды.

«Ел Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 18 мыңға жуық тұрғыны бар 15 ауылдың 57 нысаны жаңғыртылды», - деді спикер.