Ертіс ауданы, Панфилов ауылында мәдениет үйі жаңартылды. Оған республикалық бюджеттен 170 млн 800 мың теңге бөлінген. Нысанның жаңа келбетімен тілшіміз танысып қайтты.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауылға жаңа серпін әкелді. Халық игілігіне қажетті нысандар бой көтеріп, жөндеуден өтуде. Ертіс ауданы, Панфилов ауылында мәдениет үйін жаңарту жұмыстары наурыз айында басталған.

ӘЛІБЕК ДАСТАНОВ, МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МӘДЕНИ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

Жарықтандыру, сигнализация,төбесі, сырты мен іші 100 процент бәрі жөндеуден өтті. Одан бөлек әкімдік, почта, ветеринария, ауыз су бәрі осында отырады.

Мәдениет ошағы 1980 жылы бой көтерген. Сол уақыттан бері екі рет күрделі жөндеу жұмысы жасалыпты. Енді республикалық бюджеттен бөлінген қаржының септігімен нысан ажарын аша түсті.

ӘЛІБЕК ДАСТАНОВ, МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МӘДЕНИ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

2007 жылы күрделі жөндеу жұмысы өткізілді. 2017 жылы котельный жасалды. Қазір көмірмен жағылады, іші жылы. Осы «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасына рахмет көп-көп.

Әлібек Жанұзақұлы бұл қызметте 20 жылдан астам жұмыс атқарып келеді. Қазір ол өз қаражатына дыбыс жазатын студия ашуда. Бұдан бөлек, ардагер әжелер де мәдениет үйіне жиналып, ән айтқанды ұнатады. Өнерлі өрендерді бір жерде жинайтын рухани орталықта түрлі ұжымдар бар.

ӘЛІБЕК ДАСТАНОВ, МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МӘДЕНИ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

Балалар вокал-эстрадалық ұжымы бар.Ардагерлер тобы Родник деген, жетекші өзіммін. Одан кейін Саржайлау, сосын домбыра бар, сол 4 ұжым.

Мәдениет үйінің сахнасы да жаңарған. Жыл соңына дейін жаңа аппаратура, орындықтар әкелінеді. Жалпы 4 ұжым, 10 қызметкер жұмыс істейді. Бұдан бөлек ғимаратта әкімдік пен басқа да бөлімдер орналасқан.

ӘЛІБЕК ДАСТАНОВ, МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МӘДЕНИ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

Сахна киіміне 3,5 млн теңге бөлініп, орналастырылды. Енді қазір алдағы уақытта 100 орындық, аппартура жаңасынан әкелінеді, тосып отырмыз.

Жаңартылған мәдени-сауық орталығы жас ұрпақты саналы тәрбие мен түрлі өнерге баулиды. Сонымен бірге ауыл тұрғындары мұнда рухани, мәдени кештердің куәсі болмақ.

Қымбат Садық