Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 30%-ға артық. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірдің осы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Оның айтуынша, облыстың барлық негізгі макрокөрсеткіштері оң динамикаға ие: өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8 трлн теңгеге немесе +3,6% пайызға жетті, ал өңдеу секторы 8% артық өсті. Аймақ еліміздегі өңдеуші өнеркәсіп бойынша үздік үштікке кіреді, сондай-ақ шикізаттық емес экспорт көлемі бойынша 5-ші орында.

«Инвестициялардың өсу қарқыны бойынша республикада облыс 2-орында болса, аграрлық салаға инвестициялар көлемі бойынша өңірлер арасында көшбасшы қатарында. Оның 88% - бұл жеке компаниялардың инвестициялары. Бұнымен - аймағымызда қолайлы инвестициялық орта қалыптасқанын білдіреді», - деді Асайын Байханов.

Жалпы, жұмыста 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашатын шамамен 3 трлн теңгеге 140 инвестициялық жобалар пулы бар