Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары. 32 инвестициялық жоба іске қосылды, онда 500-ден астам жұмыс орны құрылды, өнімінің өсуі +21% немесе 372 млрд теңгеден асты.
«Өткен маусым қиын, бірақ нәтижелі болды - біздің аймақ үшін рекордтық астық жиналды. Егіншілермен шамамен 1 млн тоннадан астам астық бастырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Кешенді мемлекеттік қолдаудың арқасында суармалы егіс алқаптары 179 мың гектарға жетті. Әсіресе, суармалы алқаптарға 100% ылғал үнемдейтін технологиялар қолданылады», - деді павлодар облысының әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.