Майқайың кентінде бір отбасының балаларына зорлық көрсетілген. Мұндай дерек Железин ауданында да анықталды. Жалпы, жыл басынан бері өңірде зорлық-зомбылықтың 30 фактісі тіркелген.

Бұған дейін Майқайың кентінде 9-сыныпта оқитын қызды өгей әкесінің зорлауы туралы дерек анықталған еді. Ізін суытпай сол кентте екінші жағдай орын алып отыр. Құқық қорғау органдары алдымен колледжде оқитын қыздың зорланғанын, артынан мектеп оқитын інісі де зомбылыққа ұшырағаны белгілі болды. Бұған қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынды.

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мына соңғы кездердегі бұл жағдайлар бірнеше жылдар аралығында болып жатты. Өкінішітісі олардың қазір ашылып жатқандығы, бұл бағыттағы істерді жалғастырамыз. Жауапкершілікті әрине біз өзіміз аламыз. Бірақ, атап өткендей, үлкендер болып, қоғам болып қарауымыз керек. Ең бірінші мәселелердің бірі бұл отбасы, ата-аналар. Олар қорғаушы, ақамқоршы. Сондықтан ең бірінші ата-аналармен кеңесуді ұсынамыз.

Бұдан бөлек Железин ауданындағы балалар үйінің 16 жасар тәрбиеленушісін қамқоршылыққа алған ер адам зомбылық көрсеткен. Екі жыл бұрын оны және тағы төрт баланы асырып алған бұл отбасы оларды қайта балалар үйіне қайтарған, алайда зорлау дерегі қазір ғана анықталды. Күдікті адам жәбірленушінің аталған дерек бойынша полицияға жүгінгенін біліп, өз-өзіне атып тастады.

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

200-ден астам бала бар біздің қарамағымызда, біздер жауапкершілік артатын. Әрине оны қазір педагог тауып жатыр ма, бала өзі келіп жүгініп жатырма жауапкершілігі бізде, өйткені ол біздің негізгі міндеттеріміздің бірі.

Жалпы, жыл басынан бері өңірде зорлық-зомбылыққа қатысты 30 факт тіркелді.

БИБІГҮЛ ҚАМЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Қазіргі уақытта барлық жағдайлар бойынша қылмыстық іс басталды. Олардың кінәсі тергеп-тексеру кезінде анықталатын болады.

Зорлық-зомбылыққа ұшырғаған балаларға барлық көмек көрсетілетін болады. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз үнсіз қалмаңыз, сондай-ақ 111 нөміріне хабарласуға болады.

Қымбат Садық