«Алтын сақа» балалар дамыту орталығындағы үйірмелер саны артты. Енді журналистика саласына қызыққан оқушылар кәсіби түрде өз қабілеттерін сынау мүмкіндігіне ие.
Облыс орталығындағы «Екінші Павлодар» шағынауданында 18 мыңға жуық тұрғын тұрады. Тарихи жағдайларға байланысты бұл жерде қосымша білім беру инфрақұрылымы дамымаған еді. Осыған байланысты толық жөндеуден өткен ескі колледж ғимараты орнына жаңашыл шығармашылық орталығы ашылған еді. Үйірмелер қатары бүгінде баспасөзге қызығушылық танытқан оқушылар үшін де толысты.
АСЫЛ ӘБІШ, «АЙҚАРА» АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ, ЖУРНАЛИСТ
Бұл алтын сақа орталығында негізінен екінші павлодарда болғандықтан. 3 мектептің оқушылары дағды дәріс алып жүр.
Бүгінде барша журналистердің басын біріктірген ашық кездесу де өтті. Кездесу барысында журналистер оқушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап беріп өтті.
Қазіргі кезде «Алтын сақа» жаңашыл орталығында 20 ға жуық үйірме жұмыс істейді, сондай-ақ баскетбол алаңы, би үйірмелері мен футбол майданы да бар
Салтанат Бауыржанқызы