Бүгін Успен ауданында орналасқан музейде қазақ руханиятының ірі тұлғасы Ілияс Жанқараұлының 180 жылдық мерейтойына орай арнайы деректері жинақталған бұрыштың тұсаукесері өтті. Толығырақ шараға қатысып қайтқан әріптесім әңгімелесін.

Ертіс-Баян өлкесінде Алаш ардақтыларымен үзеңгілес небір тарихи тұлғалар өмір сүрген. Алаш қозғалысына қатысушы Ілияс Жанқараұлы ел басқару ісінде әділдігімен аты шыққан.

СӘУЛЕ МҰРАТОВА, ІЛИЯС ЖАНҚАРАҰЛЫНЫҢ ШӨБЕРЕСІ

Басында енді біз аталарымыздан апаларымыздан талай нәрселерді естідік қой. Мен ойымда сақтап кейбір папаларымыз жазып кеткен қағаздары болатын. Аталарымыз туралы көп нәрсені біліп.

Көрме ішінде Ілияс Жанқараұлының тарихи суреттері. Марапаттары мен деректер көрсетілген. Оған қоса, ел басқару ісінде бірге болған інісі Құсайын Жанқараұлы туралы да ақпараттар аз емес.

САҒЫНДЫҚ ҚҰСАЙЫН, ҚҰСАЙЫН ЖАНҚАРАҰЛЫНЫҢ ШӨБЕРЕСІ

Омбы архиві, Семей архивтерінен, Алматы архивінен деректерді жинап. Ең бірінші кітапты сол уақытта апайымыз шығарған. Содан бастап қазір енді Павлодар универсиеті дейді ғой қазір сол жердін ғалымдары жазып жатыр.

Айта кетейік, тарихи тұлға Қарқаралы петициясына атсалысып, Орынборда өткен жалпы қазақ съезіне құрметпен шақырылған. Алаш өкіметіне материалдық тұр¬ғыдан көп қолдау жасап, жоғарыда аталған съез¬ді ұйымдастыру шығындарын жа¬бу үшін өз атынан 100 жылқыны Қоян¬ды жәрмеңкесіне айдатқан.

Байтұрсын Жұмабай