ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша осы жылға соңғы ведомстваралық комиссияны өткізді. Онда мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысындағы кейбір мәселелі тұстар қарастырылды. Толығырақ тілшіміз айтсын.
Мемлекеттік органдар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді ұсынған кезде кейде себеп салдарсыз өтінішті қайтарып жібереді. Яғни мемлекеттік қызмет негізсіз көрсетілмейді. Осы ретте, мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет ұсынылмаған жағдайда себебін түсіндіруге шақырады. Одан бөлек, мемлекеттік ұйымдардың ресми сайттарында ақпараттардың ескіруі де жиі кездеседі екен.
АСХАТ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Атап айтқандай кейбір ресми сайттарда кейбір қызметтердің, ережелердің өзекті болмауы. Өзгертулер енгізіліп жатыр. Екінші мәселе, ұйымдардың орналасқан жерлері, контактілері, қалай кеңес алуға болатыны жайлы айтатыны боламыз.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ұйымдар бос орындар туралы ақпаратты мансап орталығына өте кеш хабарланатыны айтылды. Себебі, заңнама аясында бұл бұзушылық саналады.
Самал Қалиқызы