Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз көп жетістіктерге қол жеткізді. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, халықтың тұрмыстық ахуалы артты. Әсіресе жастарымыз білімді басшы, білікті маман, табысты кәсіпкерге айналды. Солардың бірі жайлы келесі сюжетте.
Ел болып, етек жеңімізді жиған күннен бастап, ат терлетіп алыс жақыннан келген қандастарымыз көбейді. Жүректе ертеңгі күнге деген алаңсыз сенім мен туған жерге деген шексіз махаббат болды. Атамекенге осындай мақсатпен оралғандардың бірі Досжан Мұратбек.
Елді аңсап келген кейіпкеріміз қазақтың қасиетті топырағында қалуды шешкен. Осы жерде тәуекелге бел буып, кәсібін бастаған.
ДОСЖАН МҰРАТБЕК, КӘСІПКЕР
Алғашқы саламыз қаз өсіру, құс өсріу болды. Ол сәтсіз болды. 300 қаз шығын болды. Одан кейін, карантин басталған кезде тәтті мақта кәсібін қолға алдық. Стаканға салып, магазиндерге таратып, саттық. Осы саланы дамытуға кірісіп кеттік.
Жас кәсіпкердің кезекті жобасы қасиетті орынның аумағында орналасты. Жамағатымыз еліміздегі ең әдемі мешітке қарап, отбасымен шәй ішіп, демалу үшін осы орын ашылды. Бұл идея Түркияның Ыстамбұл қаласынан алынған. Кейіпкеріміз жеткен жетістіктің бәрі тәуелсіздіктің арқасында дейді.
ДОСЖАН МҰРАТБЕК, КӘСІПКЕР
Біз бақытты ұрпақпыз ҚР жеке мемелкет болғаннан кейін өзіміздің атамекенге келіп кәсіпкерлікті емін еркін бастап кетуіміздің күші осы тәуелсіздік деп айта аламыз. Емін еркін жұріп, жұмысымызды жасай алмайтын едік. Барлығы тәуелсіздіктің арқасында.
Ел болып, шекараны шегендеп, емін еркін ашық аспан астында ғұмыр кешуге мүмкіндік берген Тәуелсіздік бәрінен де қымбат. Байрағы көкте желбіреген елде алаңсыз өмір сүріп жатқан халыққа бұдан асқан бақыт бар ма?
Самал Қалиқызы