Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалар назардан тыс қалмайды. Оларға қалалық бюджет есебінен қаржылай сый тарту етіледі. Бұл туралы толығырақ тілшіміз айтсын.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қалалық әкімдіктен тәтті сыйлықтар биыл таратылмайды, есесіне оны сатып алуға әр балаға қаражат беріледі.

НАЗКЕН АҚАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

Жаңа жыл қарсаңында Павлодар қаласындағы 18 жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі балаларға бір реттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Мүгедек балаларға 9230 көлемінде беріледі. Қазіргі таңда төлем жүргізіліп жатыр.

Бір реттік төлемдер шотқа автоматты түрде түседі. Сондықтан ата-аналарға ешқайда барудың қажеті жоқ. Сұрақтар болса Кривенко 25 көшесіндегі фронт кеңседен білуге болады.

Самал Қалиқызы