Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Ұлттық күн» жобасы аясында Қазақ ұлттық ою-өрнегі күні ұйымдастырылды. Бұл күн -ұлттық өнердің терең мағынасын ашып, мәдени мұраның ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуін насихаттауға бағытталды.
Көрмеге ою-өрнекпен әшекейленген бұйымдар қойылды. Олардың ішінде киіз үй жабдықтары, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар ерекше назар аудартты.Шара барысында «Ою-өрнектің әлемі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Онда қазақ халқының ою-өрнек өнері туралы тарихи еңбектері мен зерттеу кітаптары қойылған.
МАРАЛ ТӘЖЕНОВА, С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ КРЕАТИВТІ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жыл басынан бері біз әр айдың 15і күні ұлттық күн деп жарияладық. Әр ай сайын біз ұлттық ойындар күні, ұлттық аспаптар күні, ертегілер күні деп болды. Бүгін соңғы кездесу. Бұл жоба ұлттық ою-өрнек күні. Бұл жерде біз кітап көрмесін ұйымдастырдық. Сонымен қатар оюмен өрнектелген қолданбалы көрмені ұйыдастырдық. Бұл облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған мектептің жұмыстары.
Шараның негізгі бөлімі -«Оюлар сыр шертеді» танымдық бағдарламасы болды. Бұл бөлімде қатысушылар қазақ оюларының тарихына саяхат жасап, олардың әрқайсысының мәнін ашты.
АИНА НҰРМАҒАНБЕТОВА, ҚАТЫСУШЫ
Біз барлық осы заттарымызды технология деген сабақта істейміз. Мұғалім бізге көмектеседі. Біз осы ою-өрнектерді тұрмыстық заттарды әшекелеу үшін қолданамыз. Ою-өрнетердің түр-түрі бар, ол зооморфтық оюлар, космогониялық оюлар, геометриялық және өсімдік тектес оюлар. Мен бала кезімде осындай ою-өрнектерді көргенде, маған қатты ұнаған. Сосын мен мектепке келгенде қызығушылығым арта түсті.
Шара аясында қолөнершілерге арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Қатысушылар өз қолдарымен бұйымдарға ою түсіріп, тақиялар мен қоржындарды моншақтармен безендіруді үйренді. Шеберлік сабағына колледж студенттері мен лицей оқушылары қатысты. Олар көрермендерге ою салу мен киіз басу әдістерін көрсетті.
АЯУЛЫМ ШЕРБА, КӨРМЕ ҚОНАҒЫ
Біздің келген мақсатымыз өзіміздің мамандығымызға байланысты көптеген мағлұматтар білу. Осы кітапхананада өтіп жатқан шарамен танысу. Осы қазақи ою-өрнектермен, неше түрлі кітаптармен танысқымыз келеді. Осы себеппен келдік, қалмай.
Шара соңында қатысушыларына алғыс хаттар, ал қонақтарға сыйға кітап тарту етілді.
Сабина Жолдаспаева