Президент Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллді қабылдады. Кездесуде Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті мен Халықаралық олимпиада комитетінің арасындағы өзара ықпалдастық перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеу мен атлеттерді қолдауда комитеттің маңызды рөл атқаратынын айтты. Отандық спорт пен халықаралық серіктестікті дамыту мақсатында ұйыммен ынтымақты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді. Ал шетелдік маман, Қазақстан спорт қауымдастығының олимпиада қозғалысын насихаттау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады.