Облыс әкімдігі мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін кәсіпкерлері арасында бағаны тұрақты ұстау үшін меморандумға қол қойды. Ынтымақтастыққа 7 сүт өңдеу кәсіпорнымен үш жылыжай кешені келісті. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Баға тұрақтылығы-халықтың ауқаты. Қос тараптың келісімен сай кәсіпорындар өз өнімдерін әлеуметтік дүкендерде, сондай-ақ "Жайлау" базары мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде тауар бағасына 15 пайыздан артық үстеме ақы қоспайды. Осылайша, 2,5 пайыз майлы 1 литр сүт бағасы 385 теңге, қияр – мың бір жүз теңге және 1 келі қызанақ – бағасы 850 теңге болып белгіленді. Бағаны тұрақты ұстап тұру жөніндегі келісім шартқа әр кәсіпкер жеке-жеке қол қойды. Тұрғындарды қолжетімді, әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету басты міндет.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Как всегда актуальны вопросы среди населения.. Азық-түліктің әлеуметтік бағасы тұрақты болу керек. Әсіресе сүт өнімдері сұранысқа ие. «Жайлау» базарынан бөлек жәрмеңкелер ұйымдастыру қажет. Тауар құны бақылауда болған жөн.
Екі жақты келісімге қол қойған өндірушілер мемлекеттен қолдау тауып, ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер. Айта кетейік, кездесу соңында облыс әкімі бағаны негізсіз көтермей, күнделікті халыққа қажет тауармен қамтып отырған өнім өндірушілерге алғысын білдірді.
Әйгерім Тоқпанқызы