Балалардың жолдағы қауіпсіздігі басты назарда. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері тұрғындарға осы мәселенің маңыздылығын түсіндірді. Бұл істе тәртіп сақшыларына «Q88» аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы көмектесті.
Тәртіп сақшылары, қоғам белсенділерімен бірлесіп мектеп оқушыларына көлік ішінде қауіпсіздік белбеуін тағу маңызды екенін түсіндірді. Айта кетейік биыл елімізде жол апатынан 267 бала көз жұмды. Жартысынан көбі автокөліктерде жолаушы болған. Ересектер қауіпсіздік ережелерін бұза отырып тасымалдаған. Яғни арнайы орындық, белдік пайдаланбаған.
Заң бойынша елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды автокөліктерде тасымалдау кезінде арнайы автокреслоларды пайдалану міндетті. Айта кетейік, Павлодар облысында 7421 азамат қауіпсіздік белдігін тақпай, көлік басқарған.
Әйгерім Тоқпанқызы