Тұтынушылардың құқығын қорғау – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Сауда-саттық кезінде сапасыз зат сатып алу, тауар бағасының дұрыс көрсетілмеуі бұдан бөлек басқа мәселелер туындауы мүмкін. Ондай жағдайға тап болғанда, не істеу керек? Бұл туралы тілшіміз баяндайды.
2024 жылдың 11 айында Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұрғындардан 1469 өтініш түскен. Өткен жылмен салыстырғанда өтініштер санының артқаны байқалады.
ДӘУЛЕН ҚАБДУШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Өтініштер санының өсуі өз құқықтарын қорғау саласында тұтынушылардың мәдениетін арттырумен байланысты, сондай-ақ, департаменттің кең ауқымды жұмыстар жүргізуімен байланысты. Өтініштердің жалпы санынан негізгі саны бөлшек сауда (48,5%), электрондық сауда (18%) және тұрмыстық қызметтер (18,4%) мәселелері бойынша келіп түсті.Өтініштерді қарау кезінде барлықығ 60 млн қаражат қайтарылды
Департамент 223 тексеру жүргізді, оның ішінде 105 жоспардан тыс тексерулер де өтті. Нәтижесінде сауда үстемесінің асып кетуі, тауар бағасының дұрыс ресімделмеуі,нарықта жұмыс регламентіндегі талаптарды сақтамау сияқты бұзушылықтар анықталды. Сәйкесінше 81 ескерту мен 15 айыппұл салынды.
ДӘУЛЕН ҚАБДУШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
ҚР сауда қызметін реттеу туралы заңының 31 бабына сәйкес тауарды тиісінше жария немесе өзгеде мәмілелер талаптарына сәйкес белігленген өлшемдер бойынша сатуға міндетті
Мамандар тұрғындарды ғаламтор арқылы тауар сатып алу кезінде мұқият болуға шақырады. Тек ресми дүкендерден сауда жасап, сатушының деректерін тексерген жөн.
ДӘУЛЕН ҚАБДУШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Мейлінше әлеуметтік желі арқылы тапсырыс жасамау қажет. Себебі, алаяқтардың арбауына түсіп қалуыңыз мүмкін, Тек, тауар өндіретін компанияның кеңсесіне барып, сенімді келісімшарт қағазына қол қойып, содан кейін төлем жасаған дұрыс
Айта кетейік, департамент «Сапалы өнім» жобасын іске асырып отыр. Себебі, тұтынушылар көбіне тауардың сапасыздығына жиі шағымданады. Сондықтан да мамандар әр тауарды сатып аларда сапасына мән беріп, кепілдік құжатын талап ету керектігін жеткізді.
Қымбат Садық