Павлодарда енді глаукомаға, яғни суқараңғылыққа операциялар 15 минут ішінде ғана жасалады. Оны Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың офтольмологиялық орталығының сатып алған жаңа лазерлік құрылғысы мүмкіндік береді. Ол қандай аппарат? Тілшімі айтсын.

Ғалым Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы офтальмология орталығында глаукоманың түрлі формаларын кең ауқымда емдеу үшін ЦИКЛО ДЖИ6 микроимпульс лазерлік жүйесін сатып алды. Бұл жүйе пациенттерге глаукоманың қауіпсіз және тиімді емін ұсынады. Сонымен қатар, лазерлік жүйе классикалық циклофотокоагуляция (ЦФК) операцияларын IV кезеңдегі терминалдық және рефрактерлік глаукома формаларын емдеу үшін қолдануға болады. Жаңа құрылғыда біздің дәрігерлерге Мәскеуден келген маман шеберлік сабағын өткізді.

АНДРЕЙ ЛАВРИНОВИЧ, ГЛАУКОМДЫ ЛАЗЕР БОЙЫНША КЛИНИКАЛЫҚ МАМАН (РФ, МӘСКЕУ)

Глаукомды лазердің негізгі ерекшелігі глаукоманы емдеудегі микроимпульсті режим. Яғни аз жарақат қалдырады, манипуляция тез жүргізіледі, глаукоманы тиімді жоюға мүмкіндік береді. Бүгін шеберлік сабағында 15 пациент таңдалды. Оларға осы жаңа аппаратпен ота жасадық. Аталмыш лазер глаукоманың алғашқы түрлерінен ауыр түріне дейін емдеуге мүмкіндік береді. Аппарат алғаш рет 2015 жылы АҚШ-та қолданылған еді. Қазір әлемде өте қарқынды қолданылып келеді.

Яғни (ЦИКЛО ДЖИ 6) микроимпульс лазерлік жүйесі арқылы глаукоманы емдеу инновациялық әдісі қауіпсіз және ауыртпалықсыз. Жаңа аппаратпен бір пациентке 2,5-5 минут қана уақыт кетеді. Яғни бар-жоғы 15 минут ішінде науқастар глаукомадан арыла алады. Негізі суқараңғылық барлық адамда кездесуі мүмкін. Осы жерде оны ерте кезеңде анықтап, емдеп алған дұрыс.

АЙЖАН АЙТҚАЗЫ, Ғ.СҰЛТАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ОФТАЛЬМОЛОГ-ДӘРІГЕРІ

Яғни глаукома дегеніміз көрсоқырлыққа алып келетін көз ауруы. Бұл тұқымқуалайды немесе туа пайда болады. Бұл жас ерекшелігіне қарай бөлінбейді. Сондай жүйелікте кездеседі. Яғни глаукоманы қалай анықтаймыз. Ол адамда қан қысым жоғарылауымен көрінетін көз аурулары.

Глаукома - көз аурулары арасында ең ауыр сырқаттардың бірі. Себебі, оның салдары мүгедекдікке әкеледі. Павлодар облысының өзінде 45 мыңнан астам адам осы диагноз бойынша диспансерлік есепте тұр.

ҚАСЫМХАН ТІЛЕУБАЕВ, Ғ.СҰЛТАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Негізі көз ауруларының түрлері өте көп. Ең өкініштісі барлық сырқаттар жасарып келеді. Күн сайын офтальмологиялық орталықтың амбулаторлық еміне 250-ден астам адам келеді. Оның ішінде диагностика, алғашқы қабылдау, манипуляциялар бар. Осыдан-ақ көз дәрігеріне жүгінген азаматтардың көбейгенін байқауға болады. Сондықтан алдын алу шараларын қолға алған дұрыс. Ал, шетелдік дәрігерлермен шеберлік сабақтары өткізу симпозиумдарға қатысу дәстүрге айналған шара. Осы арқылы мамандар жаңа дүниелерді үйреніп, өзгелерге үйретеді.

Сонымен Павлодарға жаңадан келген аппарат (ЦИКЛО ДЖИ 6) микроимпульс лазерлік жүйесі АқШ-та шығарылған. Құны 25 млн теңге тұрады.

Самал Қалиқызы