Аймақ басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен Успен ауданына барды. Онда жергілікті тұрғындармен кездесіп, осы жылды қорытындылап, келер жылдағы жоспарларымен бөлісті. Тілшіміз айтсын.
2025 жылы Успен ауданында бірқатар ірі жобалар қолға алынбақ. Оның ішінде ауылдық аймақта қордаланған жол, ауыз су, әлеуметтік нысандар құрылысы сұрақтары келер жылы шешімін табады.
НҰРБОЛАТ МАҚАШЕВ, УСПЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауыл ішілік және кіреберіс жолдарға келетін болсақ. Өзіңіздің қолдауыңызбен ауданда кірберіс жолдар биылтай асфальтталды. 100 пайызға, енді қазіргі уақытта ауылішілік жолдарға көңіл бөліп отырмыз. Қаратай мен Ковалевкада ауыл ішілік жолдарды «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жөндеу көзделген. Және бөлінген қаражат шеңберінде Бонустық трнасферт шеңберінде Қызылағаша, Қозыкеткен, Таволжан осы үш елдімкенде ауылішілік жол жөнделіп отыр. Бұл тұрғындардың тұрақты кездесуде айтқан мәселелеріне бағытталып отыр.
Сонымен қатар, бонустық трансфер шеңберінде «Успен ауыз су» коммуналдық мекемесіне мамандандырылған техника алынатын болды. Яғни көктемгі су тасқыны кезінде жұмыс істеуге дайындық мақсатында. Одан бөлек, электр станциясы генераторын алу да көзделген. 100 Килловаттық жылжымалы құрылғы жарық сөнген кезде әлеуметтік нысандарды энергиямен қамтитын болады.
НҰРБОЛАТ МАҚАШЕВ, УСПЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Білім саласы бойынша биылғы жылы үш мектепке күрделі жөндеу жұмыстары көзделген. Ковалевка ауылына «Ауыл ел бесігі» аясында 69 млн теңге бөлінді. Бұның шеңберінде есіктерді асуыстыру, еденді ауыстыру көзделген. Кіреберіс жол, көріктендіру жұмыстары көзделген. Келесі кезекте облыстық бюджеттен аудандағы екі мектепке қаражат бөлінді. Аудандағы Ахмет Байтұрсынұлы мектебіне 380 млн теңге бөлінді. 86 бала оқиды. Мағжан Жұмабаев атындағы мектепке 239 млн теңге бөлінді. 2025 жылы халықтың қолданысына беріледі деп жоспарымыз бар.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұл мектептерге мен өзім барғанмын, көргенмін. Әрине берілген қаражатты уақытылы сатып алу рәсімдерін өткізіп, сапалы түрде жүзеге асыру керек. Өзіңіз бақылаңыз. Көптен көтерліген сұрақтар. Жүйелі мәселелер деп айтуға болады. Талай жыл ата аналар сұрап жүрген. Берілген қаражатты дұрыс деңгейде қолдану керек.
Бұдан бөлек, келер жылы Успен ауданының орталығында бассеин салынады. Жоба құны 598 млн теңгені құрайды. Екі жылға жоспарланған жобаны аймақ басшысы уақытын созбай, бір жылда аяқтауды тапсырды.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Облыс бойынша үш ауданда бассиен ғимаратын салу шешімін қабылдадық. Успен,Ертіс,Май ауданында. Негізгі мақсат Ертіс өзені болмағасын емес. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Балалардың жүзу тәсілін үйрету мақсатта істеп жатқан нәрсе.
Бұдан кейін облыс әкімі Успен ауданының тұрғындарымен кездесіп, жыл бойы атқарылған жұмыс бойынша есеп берді.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жыл басынан бері ауданның ауыл шруашылығына 4,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде «Галицкое» ЖШС-нің 1,7 млрд теңге үлесі бар. 553 гектар алқапты су армалы учаскесін салу бойынша инвестициялық жоба енгізілді. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретініні баса айтқым келеді.
Келесі кезекте аудандағы ауыз су мәселесі. Проблеманы толық шешу үшін 2025 жылы 4 ауылға кешенді блок модульдер орнатылады. Биыл Қаратай мен Вознесенко ауылдарында су құбырын өткізу жұмыстары аяқталды.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мемлекет басшысының бастамасымен Ауыл ел бесігі аясында Қоңырөзек ауылында жолға орташа жөндеу және Павлов мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бюджет есебінен Константиновка, Галицкое, Тимирязев ауылдарындағы кенттік жолдарды жөндеуге Успен ауданының мәдениет үйінінің салынуына, субұрқақтарды жөндеуге мүмкіндік берді. Успен ауданының барлық ауылдары ұялы байланыспен, интернетпен қамтылған. Сондай ақ Таволжан ауылында Теле2 операторы 3джи технологиясы бойынша байланысты жақсартатын болады.
Кездесуде ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар өз сұрақтары мен өтініштерін айтуға мүмкіндік алды.
ИСЛАМ РЫСМАҒАМБЕТОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
Сұрақ қояйын дегем бізде Қоңырөзек-Рождественко тас жолы бар. Оның екі бөлігіне кеңес кезінде асфальт салынған. Жүрген кезде қиын. Тегіс емес. Сол жолға ремонт жасау мүмкін бе?
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Ол жерде негізі басқа да жол бар ғой. Бірақ бұл тікелей өтететін жол ден санайсыздар. Менің білуімше, бұл жолдың 3-4 шақырымы Павлодар ауданыныкі. Бұл тақырыпты талдадық. Толықтай жоба жасап, ұсыныс енгізілетін болса біз жасайық. 2025 жылы жасаймыз деп айта алмаймыз. Келер 2026 жылы жасаймыз деп ойлаймыз. Жақсы ма?!
Аудан да әлеумет мен мәдениет те басты назарда.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біз енді нақтылау кезінде көреміз. Оны қарастырамыз. Бюджеттік мүмкідікке қараймыз. Жалпы әрине, мәдениет саласы болсын. Ол қаражатты талап етеді. Бізден қолдау болады. Сондықтан екі ауылдың біреуіне қаражат береміз, бірақ қайсысына мәдениет басқармасымен бірлесіп қарастырамыз.
Осылайша кездесу барысында жергілікті тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарын облыс әкіміне қойып, мардымды жауап алды.
Самал Қализықы