Ақтоғай ауданының тұрғындары қуанышқа кенелді. Онда 2 қабатты 24 пәтер пайдалануға берілді. Одан бөлек білім беру сапасын арттыру үшін Абай атындағы мектепте жаңа кабинеттер ашылды. Бұл игі шаралар аймақтың әлеуметтік және білім саласына тың серпін берді.
Ақтоғай ауданының тұрғындары үшін биылғы жыл қуанышты жаңалыққа толы болды. Аудан орталығында 24 пәтерлі екі қабатты жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл үй әлеуметтік осал топтағы азаматтарға кезек бойынша үлестірілді.
Серік Батырғұжинов, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл үйлер елдімекендерде оның ішінде аудан елді мекендерінде үй салуға тура президенттің тапсырмасы. Биыл осындай жергілікті үйлер салынды, одан басқа Ертіс Железин Тереңкөл аудандарында да салынып жатыр. Бұрын бұл бағдарлама қалаға ғана тиісті боллса биылдан бастап елдімекен жерлерге осы бағдарлама келіп отр. Біз қуаныштымыз. Себебі бұл пәтерлердің басты мақсаты әлеуеметтік жағдайлары бар адамдардың пәтермен қамтамасыз ету. Өйткені ел болу үшін екі нәрсе керек тұрғн үймен жұмыс керек. Бұл мәсле шешіліп жатыр.
Жаңа тұрғын үй барлық заманауи талаптарға сай салынған. Әр пәтерде қажетті инженерлік жүйелер орнатылған. Жылу, жарық, су толық қамтамасыз етілген. Айта кетейік, бұл халықтың баспана мәселесін шешу мақсатында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалардың бірі. Алдағы уақытта да әлеуметтік осал топтарға арналған үйлердің құрылысы жалғасын табады.
САМАТ СЕКЕНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКА СЕКТОРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аталған үй 24 пәтерлі 2 қабатты. Оның ішінде 1 бөлмелі 12 пәтер, 2 бөлмелі 8 пәтер, 3 бөлмелі 4 пәтер. Аталған үйді кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға берілді кезек бойынша. Жылуға қосылған осы үй. Электр су барлығы орталықтандырылған. Жоспарды тағы берілу жоспарда бар.01:11
Жаңа баспанаға ие болған тұрғындар өздерінің ризашылықтарын білдіріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға алғыстарын айтты.
ЖҰЛДЫЗ АБДҰЛМӘЛІКОВА, ЖАҢА ҚОНЫС ИЕСІ
Пәтер өте ұнады, балаларым да қуанышты. Үлкен екі балам студент, кенже ұлым мектепке жақын жерде оқиды. Жаңа жыл қарсаңында жаңа өмір бастаймыз деп сенемін. Президентке және облыс әкіміне алғыс айтамын.
Осы игі бастамалар білім саласын дамыту бағытында да өз жалғасын тапты. Ақтоғай ауданындағы Абай атындағы мектепте заманауи жаңа кабинеттер ашылды. Бұл мақсатта 250 миллион теңге қаржы бөлініп, мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылды.
Физика, химия, биология, география кабинеттері зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілсе, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін арт-студия, медиа-звук жазу және робототехника кабинеттері ашылды.
ҚАНЫМГҮЛ СҰЛТАНАЛИНОВА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Былғы жылы біздің мектеп ауылдық жерлердегі тірек мектептерін әлеуетін дамыту жобасына енді. Мектпте 43 кабинет бар. Сол барлық кабинеттер толық мектеп парталары орындақтары толы. Мұғалімнің жұмыс столы барлығы толық. Осындай кішкентай уақытта информатика пәні мұғалімі осы өқараша айында үлкен работтотехниуа сайысы болды. Сол сайыста 35 команда қатысыпты.Сонда айта кететініім, ьбарлық командалар қатықан. Ал ауыл мектептерінен біздің ғана ауыл қатысты.
Ақтоғай ауданында жүзеге асқан бұл игі бастамалар – ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Әлеуметтік баспанамен қамтамасыз ету және білім беру сапасын арттыру – аймақтың дамуына серпін беретін маңызды қадамдар.
Сабина Жолдаспаева