Өңірде көкжөтелдің 231, қызылшаның 1623 және жыл басынан бері короновирустың 118 жағдайы тіркелген. Респираторлық аурулардың таралуынан қалай сақ болу керек? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Бұдан бөлек эпидемиологиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-мен ауруған тұрғындар саны да өскен. Қызылша ауруын 14 жасқа дейінгі жұқтырған балалар саны - 1055, ал жасөспірімдерде - 103 жағдай тіркелген. Олардың қатарында екпе алмағандар да бар.

 «А» тұмауының 26 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 6, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында - 2, ересектер арасында - 18. Бұл аурулар адам ағзасына зиян келтіреді, иммунитетті төмендетеді, және пневмония, менингит, синусит сияқты созылмалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін.

ЗӘМЗӘГҮЛ ДОЩАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Вирусологиялық зертханалардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша басқа тұмау емес вирустарға - 82 оң нәтижелердің зерттелген 906 үлгісінің ішінен парагрипп, метапневмовирус, риновирустар, бокавирустар, аденовирустар табылды . Тұмаудың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі вакцинация. Ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмауға қарсы 92772 адам, яғни облыс халқының жалпы санының 12,28%-ы егілді. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 90000 адам жұмыс берушілер қаражаты есебінен – 2772 адам вакцина алды

Алдағы мерекелер қарсаңында жаппай іс-шараларды өткізу кезінде мүмкіндігінше топтық оқшаулау ережесі ұсынылып отыр. Сондай-ақ, үйді желдетіп, гигиенаны сақтаған жөн.

ӘСЕЛ БАЙҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР СТАЦИОНАРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі кезде осы ауруханада жатқан балалардың көпшілігі респираторлы механизммен жұғатын аурулар. Яғни, жұғу жолы ауа тамшылары. Сол себепті бұл мәселелерді шешу әрине вакцинация. Сонымен қатар массалы шараларға көп бармау, маска тағу керек

Жалпы, өңірдегі эпидахуал тұрақты. Дәрігерлер қыс мезгілінде сақтық шараларын барынша ұстануды ескертеді.

Қымбат Садық