Бүгін Екібастұзда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша салынған заманауи «Самғау» балалар шығармашылығы үйі ашылды. Шараға облыс әкімі қатысып, нысанда өткізілетін балалар үйірмесіне шолу жасады. Толығырақ әріптесім тарқатсын.
Кеңшілер шаһарында ашылған орталық 16000 баланы қамтиды. Оған қоса инклюзивті балаларға арналған үйірмелер де жұмыс жасамақ. Салтанатты ашылу рәсімінің лентасын қию 6 жастағы әлем чемпионы Хадия Қонаеваға бұйырды.
Бұл орталықтың бой көтеруіне 5,3 млрд теңге жұмсалған. Нысанда өнертабыс, робототехника, биотехнология, электроника, телекоммуникация салаларында білім беру ұйымдастырылады. Оған қоса ата-аналар мен балаларға арналған психологиялық және педагогикалық қолдау бөлмесі, шығармашылық студиялар кешені, ұлттық ойындар секциясы және спорт алаңы бар.
НҰРДАНА ПАЗЫЛ, ОҚУШЫ
Бұл бізде гидрапоника бөлімі бұл жерде біз өсімдіктердің өсу процесін бақылаймыз. Және артықшылықтарын қарайтын боламыз. Менің ойымша бұл балалар үшін өте қызықты көңілді балалар үшін қызықты болады деп ойлаймын
Шығармашылық орталығының Экібастұзда бой көтеруіне көп балалы ана Аяна Смағұлова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2023 жылғы Павлодардағы сапарында ұсынысын жасаған.
Айта кетейік, Орталық 12 бағыт бойынша «Балаларға арналған қосымша білім беру жүйесінің жаңа моделі» ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша жоғары технологиялармен жабдықталған.
Байтұрсын Жұмабай