Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасын қабылдады. Болат Жәмішев қордың осы уақытқа дейін атқарған қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы ақпарат берді.

 Соңғы 3 жылда қор-жалпы сомасы 230 миллиард теңге болатын 103 қайырымдылық жобасын қаржыландырған. 461 адамның, соның ішінде 342 баланың еміне 57,7 миллиард теңге бөлінді. Қатерлі ісікке шалдыққан 1200-ден астам адамға құны 14,5 миллиард теңге болатын арнаулы препараттар берілген. Сондай-ақ, аутизм белгілері бар балаларға арналған 7 орталық, өңірлерде 6 оңалту орталығы пайдалануға берілді. Алдағы уақытта тағы 20 орталық іске қосылады. Ұйым тасқыннан зардап шеккен жандарға қолдау көрсетіп, бес облыстағы 627 үйдің құрылысын қаржыландырды.