Тәуелсіздік жылдары өңірде халық үшін көптеген игіліктер іске асты. Әсіресе халықтың денсаулық сақтау саласы айтарлықтай ілгерілеп, ауқымда жобалар жасалды. Солардың бірі елімізде бірегей саналатын кардиологиялық орталық.

2008 жылы Павлодар қалалық №2 қалалық аурухана базасында 20-орындық кардиохирургиялық бөлімше ашылды. Онда Ресей, Беларусь, Литва, Израиль елдерінің жетекші орталықтарында оқудан өткен алғашқы бес жергілікті кардиохирург дәрігер еңбек ете бастады. Олар қазіргі кардиологиялық орталықтың негізін қалаған команда еді. 2013 жылдың 8 қаңтарында "Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталығы" өз қызметін бастады. Бастапқыда қуаттылығы 50 төсек-орынды құраған. 2014 жылы Орталық "Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы" болып аталып, төсек-орын қуаты 200 ге дейін артты.

Орталықта жылына 2 мыңнан астам интервенциялық, 600 ден астам ашық ота жасалады. Жылына 6 мыңнан астам науқас ем алады.

Жүрекке жасалатын хирургиялық ота күрделілік деңгейі бойынша 7 түрге бөлінеді. Оның 6 деңгейі Павлодар кардиологиялық орталығында жасалады.

Жанасыл Серікбол