Ақтоғай ауданына қарасты Шұға ауылында жаңа медициналық пункт салынды. Нысан құрылысы жаздың басында басталып, үш ай ішінде аяқталды. Айта кетейік, медициналық пункт құрылысына 138 миллион теңге бөлініпті.

Медициналық пункт заманауи. Бұндағы құрылғылардың көмегімен түрлі медициналық тексерістер мен емдеу шаралары жүргізіледі. Енді ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсету сапасы айтарлықтай жақсармақ.

Ауыл тұрғындары бұл жаңа нысанды үлкен қуанышпен қабылдап отыр. Әсіресе, балалар мен жүкті әйелдердің тұрақты медициналық бақылауда болуы-ауыл үшін маңызды қадам. Шұға ауылындағы бұл нысан алдағы уақытта халыққа сапалы қызмет көрсетіп, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға зор үлес қосады.

СХН: ҚАБДЕН САДУОВ , ШҰҒА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мына медициналық жер салынып, барлық жабдықтар бар. Ауылдың тұрғындары енді осы медициналық пункте келіп, емделіп, денсаулығысызды түзейміз деген үміттеміз. Мына ғимаратты салып берген, Шымкенттен Ертістен келген азаматтарға мың алғысымызды айтамыз.

Заманауи құрылғылармен жабдықталған бұл нысан денсаулық сақтау саласының сапасын жақсартып, ауыл тұрғындарына дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сабина Жолдаспаева