Табиғат жанашырлары қала құстарын қамқорлыққа алды. «Құстар қалашығы» экологиялық акциясы барысында 20 құс үйі жасалып, «Усолка» шағын ауданында орнатылды. Толығырақ келесі сюжетте.
Шараның басты мақсаты-қыстайтын құстарға қолайлы жағдай жасау. Еріктілердің экологиялық сауаттылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оған жастар, «Замандас» ардагерлер клубының мүшелері мен «ЖасҰлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының белсенділері қатысты.
ЖАМАЛ ОМАРОВА, «ЗАМАНТАС» АРДАГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ЕРІКТІСІ
Қысқыға біздің жалғасымыз, біздің құстарымыз. Осында суықта қалған құстарымыз жылы да тұрсын деп оларға үйшік жасап жатырмыз. Кіші орта волонтерлерімен бірге. Соларға білгенімізді көрсетіп. Оларға да үйретеміз, өзімізді де үйретеміз.
Шара жастар бастамаларын дамыту орталығында басталып, еріктілер құс үйлерін жасауға жұмыла кірісті. Арнайы дайындалған ағаш материалдардан қатысушылар үйшік құрастырып, әдемі бояулармен сәндеді.
МАДИЯР ӘЛІМХАНОВ,ЕРІКТІ
Бүгін біз 3 топқа бөлініп жатырмыз. Құстарға үйшік жасап жатырмыз. Бұл бздің жануарларға жылы болсын деп. Табиғатымызға жақсы болсын деп.
Орнатылған құс үйлері Усолка жағасының табиғи көркін толықтырып, тұрғындарды экологиялық жауапкершілікке ынталандырады.
Сабина Жолдаспаева