Әдеп жөніндегі кеңесте Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Сейтқазинаға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды. Бұл туралы толығырақ тілшіміз айтсын.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығына Облыстық әкімдік аппараты мен облыстық прокуратураның ұсынуы келіп түсті. Осыған орай Павлодар облысының прокуратурасымен Павлодар ауданы әкімі аппаратында Әдеп кодексінің, еңбек және әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамаларының сақталуына тексеріс жүргізілді. Оның нәтижесінде ұжымда жағымсыз жағдай туғызған жүйелі заңбұзушылық анықталды.

ДАСТАН СӘКЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ 3-ШІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Заңсыз қызметтік тексеру амалдары жүргізілген. Қысқаша айтқанда кейбір мамандарға қудалау көрсетілген, жала жабылған. Сол бойынша біз Павлодар облысына ұсыныс енгізгенбіз. Сол бойынша совет тексеру жүргізіп, Сейтқазинаға қатысты. Сейтқазинаның екі қызметтік хаты бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, анықталмаған. Оның ішінде програмист Шаймерденов дегенге видеовыгрузка жасады деген, Нұрбековты жұмысқа қабылдау сияқты фактілер. Толық 4 қызметкердің жұмыстан босатылғаны бар, сот шешімін қабылдап, өз нүктесін қойған.

Гүлнар Сейтқазина 2024 жылдың 30 маусымына дейін Павлодар ауданы әкімі аппаратында әдеп жөніндегі уәкіл болған. Әдеп нормаларының бұзылуына мүмкіндік берген Павлодар ауданы әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

ГҮЛНАР СЕЙТҚАЗИНА, ПАВЛОДАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Исекееваның өтініші бойынша әкім маған қызметтік тергеп тексеруге тапсырма берді. Қызметтік хатта жазылған барлық фактілердің заңналық негіздері бар. Соттың шешіміміне менің ешбір қылығым заңсыз деп танылмады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын тиісінше орындамау бойынша функционалдық міндеттердің бұзылуы анықталды. Бірақ қызметтік этиканың бұзушылықтары тіркелмеді, сондықтан тәртіптік іс тоқтатылды.

Самал Қалиқызы