Парламент депутаттары Павлодар облысына жұмыс сапармен келді. Алдымен әскер жағдайымен танысып, 5512 әскери бөлімінде сарбаздармен кездесті.

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай қорғаныс саласы бойынша Парламент қабырғасында талқыланып жатқан заң жобалары жөнінде баяндады. Мемлекеттің бұған дейін атқарған және алдағы уақытта жасалуы тиіс мақсат-міндеттері төңірегінде сөз қозғады. Депутаттың айтуынша, мемлекет бұл тұрғыда бірқатар нақты қадамдар жасауда.

Әскери әлеует тұтас мемлекет болашағының кепілі. Қандай жағдай болмасын бұл саладан қаржы үнемделмейді деді депутат. Халық қалаулыларының облысқа сапары алдағы күндері де жалғасатын болады.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Депутаттардың біздің облыстағы алғашқы жұмыс күні әскери бөлімнен басталды. Мәжіліс депуаттары Жарқынбек Амантай, Нұржан Әшімбетов, Вера Ким және Сенат депутаты Ернұр Әйткенов әр түрлі аудандарда, нысандарда жұмыстарын бастап кетті. Бұл жыл басында халықтың ұсыныстарын жинау дәстүрі. Халықтың талап-тілегі әрмен қарай заң қабылдау барысында ескерілетін болады. Бұл жұмысқа мәслихат та ат салысады.

Әскери әлеуетті арттыру жөніндегі шаралар еш іркіліссіз жалғасады деді депутат.

Жанасыл Серікбол