Республика партиясынан Мәжіліс депутаты Динара Наумова жұмыс сапарымен Павлодарға келді. Оның аясында депутат жақында ашылған балаларға арналған оңалту орталығына барды. Қандай жұмыстармен танысты? Алдағы сюжеттен көрейік.

Депутат балалардың өмір сүру жағдайымен, азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейімен танысты. Бұл орталық былтыр, жыл аяғында ашылған еді. Бұған "Қазақстан халқына" қорының қайырымдылық қызметі сеп болып, қаржы бөлген. Мұнда жыл сайын нейроортопедиялық бұзылулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі 600 баланы қамту көзделген. Сәйкесінше білікті мамандар қатары көп.

АЛМАГҮЛ АЙТКЕНОВА, ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазір біздегі мамандар заман талабына сай медицина саласын жетік меңгерген деп айта аламын. Мұнда арнайы қайырымдылық қорының координаторы келіп, 5 күн осы жерде оқу-әдістерін өткізген болатын

Орталық жұмысында медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтиды. Сондай-ақ жеке оңалту бағдарламаларына ерекше көңіл аударады. Мәжіліс депутаты орталық жұмысына оң баға берді.

ДИНАРА НАУМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Қазіргі таңда елімізде ерекше балалар өте көп. Ал мамандар барынша өз міндеттерін атқарып, тырысып келеді. Оны бірнеше өңірлердегі жұмыс сапарымнан байқаған едім. Павлодардағы мына оңалту орталығы барлық талаптар мен нормаларға сәйкес жұмыс істейді. Жақын арада ашылса да қазір балалармен жұмыс жасауда, оған ата-аналарда риза. Алдағы уақытта оңалту орталығының жұмысы жандана түседі деп ойлаймын. Бірақ, мұнда тек 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар ғана қабылданады екен. Мұндай орталықтардың көптеп болуы маңызды. Сондықтан, алдағы уақытта мәжілісте 18 жастан асатын балаларға арналған орталықты ашуды ұсынатын боламын. Өйткені, ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін оның маңызы зор деп ойлаймын

Бұдан басқа, орталық заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.