Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайын сұхбат беруі жақсы дәстүрге айналып келеді. Бұл елімізді дамытуға қатысты шаралардың мән-маңызын азаматтарымыздың терең түсінуіне мүмкіндік береді дейді «Нұр-ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжамал Максилова. Экранға зер салайық.

Былтыр "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталды. Игі бастама барлық өңірді қамтыды. Мемлекет басшысы мақалада "Таза Қазақстан" дегеніміз көше тазалаудан әлдеқайда ауқымды ұғым деп атап өтті.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Ол тек ғана біздің қолымыздан келетін, әрбір адамның жүрегінен шығатын жұмыс.Сондықтан ойлаймын, біз бірігіп, сол Таза Қазақстанымызды сақтай білсек, Отанымызға қамқор болып, қолымыздан не келеді соны қоса білсек, біздің Қазақстан көркейеді

Қазақстан жастарының өзін-өзі дамытуына мол мүмкіндігі бар. Оларға барлық жол ашық деуге болады. Жас ұрпақты жауапкершілігі жоғары әрі жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеуде «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасының маңызы әрқашан жоғары.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Барлығымызға мәлім балалар қоры ашылғаны. Оны өмір бойы біз аңсап жүрдік. Көпбалалы аналар келіп, әрқашанда айтатын қашан басқа елдерде ашылып жатқан балалар қоры бізде болады деп. Енді биылғы жаңажылдан бастап біздің зейнетақымыз, мәдениет қызметкерлерінің жалақылары мәселелері ашылып, қосылып жатыр

Ел анасы Бақытжамал Шаханқызының айтуынша Президент сұхбаты өзгеше болды. Еліміздің өркендеп дамуы үшін жастардың көзқарасы дұрыс болып, мақаланы оқуы қажет екенін айтады.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Осы мақаланы тек ғана үлкендер емес, біз жастарға оқуымыз керек. Себебі, Президентіміздің мақаладағы әрбір сұраққа берген жауабы жастардың қолынан келуі керек дейміз

Мемлекет басшысының сұхбатында бірталай мәселе ашық талқыланды. Өткен жылға қорытынды жасалып, осы жылдың бағыт-бағдары айқындала түсті.

Қымбат Садық