2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап зейнетақымен қатар бірқатар жәрдемақылар өседі. Мүгедектегі бар тұлғаларға көрсетілетін көмек ауқымы кеңейеді. ТОлығырақ келесі сюжетте.
Павлодар облысы бойынша зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 17 мемлекеттік қызмет ұсынылады. 2024 жылы республикалық бюджеттен жәрдемақы, зейнетақы төлемдеріне 241 млрд теңгеден астам қаражат төленген. 2025 жылы бұл соманы 275 млрд теңгеге дейін өсіру жоспарланып отыр. Жаңа жылдан бастап зейнетақы өседі. Дәлірегі, оның мөлшері азаматтардың жасына және еңбек өтіліне қарай 8,5%-ға артады. Павлодар облысында зейнеткерлер саны 122 мыңнан асады.
АЛМАГҮЛ МҰХАМЕДОВА, ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Тағы да бір төлемдердің түрі бар ол балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақылар. Ол төлемдердің мүшелері айлық есептік көрсеткішке, ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептеледі. Осы 2024 жылы бала тууына, 1,5 жасқа толғанша бала күтіміне байланысты республикалық бюджеттен біздің облысымызда 2961 адамға жәрдемақылар тағайындалған. Мүгедегі бар ата аналардың күтіміне байланысты біздің облыста 3691 адам жәрдемақы алып отыр. Тағы да балалалы отбасыға арналған мемлекеттік жәрдемақылар түрінің бірі ол кәмелеттік толмаған балалары бар отбасыларға тағайындалатын бплп санына байланысты. Ол осы 2024 жылы 16770 отбасыға жәрдемақы төленіп отыр.
Облыста көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 5177 жанұя алды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталмыш жәрдемақылардың бәрі 6,5 пайызға өседі. Былтыр өңірде 29 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құрылды. Оның 22 мыңы тұрақты түрде болады.
АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Енді 2025 жылы бізге қойылған міндеттемелеріміз жалпы облыс бойынша 27 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру. Оның ішінде тұрақты түрдегі 19 мыңға жұмыс орындарды жаңадан құрап, оларды іске асыру. Енді мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына көшсек, мында біраз өзгерістер көріп отырмыз. Жастарға арналған бұрыннан үш жоба болған болатын. Бұл жаңа жұмыс орны, жастар практикасы мен контракт покаления деген үш жобамыз болған. Келесі 2025 жылдан бастап үш жоба бір жобаға айналып, жастар практикасынан кіріп біраз өзгерістер болады.
Бұл ретте, біріктірілген үш жоба нәтижесінде жалақы өседі, еңбек етудің мерзімі өзгереді. Облыста 29 мыңнан аса мүгедектігі бар азаматтар бар.
АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ең біріншіден мүгедектігі бар адамдардың негізгі құраладармен қамтамасыз ету нормасы ұлғайтылады. Ол катетор 12 данадан 48 данаға дейін. Ең жиі қойылатын мәселенің бірі ата аналардан ол балаларға арналған арбалардың пайдалану мерзімін ұлғайту. Бұл мәселе де осы жылдан бастап өзгетіледі. Және 2-3 топтағы мүгедектерге ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бюджет арқылы орындалады деп үміттенеміз.
Осылайша 2025 жылы әлеуметтік салада біраз жаңашылдықтар мен өзгерістер енгізілмек.
Самал Қалиқызы