Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қазақстанның экономикалық әлеуетін нығайту үшін нақты шаралар қабылдау, оның ішінде импортты алмастыру, отандық өндірісті дамытуға назар аударды. Бұл мақала қоғамда қандай пікірге ие? Алдағы сюжеттен көрейік.
Қазақстанның тәуелсіздігін сақтау мен оны нығайту басым бағыт екені айқын. Сондықтан Президент сұхбатының маңызы да жоғары. 3 қаңтарда «Ана тілі» газетінде жарық көрген ауқымды әрі, мағыналы сұхбатта елдің ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды қағидаттар айтылды. Ел егемендігін нығайту үшін нақты шаралар жүзеге асырылу керек деді.
БОРИС ПОЛОМАРЧУК, САЯСАТТАНУШЫ
Президенттің жыл сайынғы жолдауынан бөлек газетке шығатын мақала ерекше, қарапайым тілді жеткізіледі. Бұл жолғы мақаланың өзіңдік мәні жоғары. Жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жылға жаңа мақсаттар айқындала түсті. Қазақстан демократиялық тенденцияға ие мемлекет, әр адам өз ойын еркін айта алатыны мақалада жазылған.
Биыл Жеңістің 80 жылдығы тойланады. Мемлекет басшысы, бұл мереке халқымыздың табандылығы мен батылдығын айшықтайды дейді. Айта кетейік, Атырауда өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Президент бұл шараға дайындықты алдын ала бастауды тапсырған.
БОРИС ПОЛОМАРЧУК, САЯСАТТАНУШЫ
Мақаланың ең бір ұнаған тұсы биыл кең көлемде Жеңістің 80 жылдығы кең ауқымда атап өтілеті туралы жазылған. Жалпы, мақала өте қызықты, бәріміз оқуымыз керек деп ойлаймын. Экономиканы дамыту, жастарды қолдау жөнінде көп нәрсе айтты. Жыл басында оқып, сол бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру керек деп түсіндім
Мемлекет басшысының сұхбаты өткен жылды екшелеп, болашақты бағамдаған мазмұнды мақала болды.
Қымбат Садық